Қазақстан мен Норвегия арасындағы футбол кезінде бір топ адам билет сатып алса да, стадионға кіре алмаған

Фото: желі кадрларынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2813

Алматыда өткен Қазақстан мен Норвегия арасындағы футбол кезінде бір топ адам билет сатып алса да, стадионға кіре алмаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. “Не хабар” Telegram aрнасында жарияланған видео кадрлардан жиналған жұртшылықтың қақпадан ішке өте алмай наразылық танытқаны көрінеді. 

“Міне, осындай бассыздық орын алуда. Дәретханаға шығып кеткен жанкүйерлердің орнына басқалар келіп, енді оларды ұйымдастырушылар қайта кірбізбей жатыр. Полиция ұйымдастырушыларға жүгініңіздер десе, ұйымдастырушылар керісінше полицияға барыңыздар деп бір-біріне сілтеп жатыр. Нағыз бассыздық”, – делінген видео кадрларында.

Желі жұртшылығы да пікір қалдырып, шынымен бір ойын кезінде тіпті бір орындықта екі адам отырған жайттар болғанын жеткізді. 

“Шәй алуға шығып кеткенбіз, келсек бізді кіргізбей қойды. Кейін бір орынға екі адам отырдық”, “Билеттер бірінші күні-ақ бітіп кеткен. Алыпсатарлардың ісі”, “Билеті барлардың көбі кіре алмады”,  деді олар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...