Жол апатынан 14 адам көз жұмып, 30 адам жарақат алды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
65

Біріккен Араб Әмірліктерінде бірінен кейін бірі болған екі жол апаты 14 адамның өмірін қиды. Тағы 30 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиғаға 23 көлік қатысқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 12 қарашаға қараған түні БАӘ-нің Фуджейра әмірлігіндегі Шейх Халифа тасжолында болған. Алдын ала тергеу мәліметінше, алдымен жеңіл автомобиль тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Арада көп уақыт өтпей, осы жолда тағы бір ірі апат тіркелген.

Екінші апат кезінде екі контейнер тиеген жүк көлігі бірнеше автомобильге соғылып, кейін аударылған. Соқтығыс салдарынан жүк көлігі өртеніп, жалын басқа машиналарға тараған. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жеткен. 

Полиция мәліметінше, екі апатқа барлығы 18 жеңіл автомобиль мен бес жүк көлігі қатысқан. Оқиға болған тұста жолдың оң жақ жолағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабық тұрған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғаны хабарланды. Алайда апаттың нақты себептері тергеу аяқталғаннан кейін анықталады.

Қаза тапқан 14 адамның оны Біріккен Араб Әмірліктерінің, төртеуі Үндістанның азаматы екені белгілі болды. Жарақат алғандардың арасында БАӘ, Үндістан, Оман, Мысыр, Иордания, Пәкістан және Бразилия азаматтары бар. Алғашқы мәлімет бойынша, жараланған 30 адамның 15-і емделіп, ауруханадан шығарылған.

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қараша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронтт...