15 жыл сәби күткен семейлік отбасының арманы орындалды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
115

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті тебіренткен қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Семей қаласының тұрғындары Медет пен Дария 15 жыл бойы сәби сүюді армандаған. Ақыры олардың көптен күткен арманы орындалып, отбасы ата-ана атанды.

Бұл оқиғаның ерекшелігі - отбасына көрсетілген көмектің халықтың қолдауымен жиналған қаражат есебінен жүзеге асқаны. Осылайша, мыңдаған жанның жанашырлығы бір отбасының өміріндегі ең үлкен қуанышқа себеп болды.

«Абай елі, Семей қаласы, қос батырдың бауы берік болсын!» - деп ақжарма тілегін жеткізген Ләйлә Сұлтанқызы игі іске үлес қосқан барлық азаматқа алғысын білдірді.

Желі қолданушылары да жас отбасыға ізгі тілектерін жаудырып, сәбидің аман-есен өсіп, ата-анасының қуанышы болуына тілектестік танытты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық полицейлер тоқтатқан көліктің нөмірі картоннан жасалғаны анықталды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау...