Оралда еріген қар суы бір көшені басып қалды

Фото: istockphoto.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2382

Орал қаласында еріген қар суы көшелерді басып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, қалада көше жолдары арқылы аққан еріген су сорылып, тазарту жүргізіліп жатыр.

Орал қаласының Сарыарқа шағынауданында қалың қардың еруі салдарынан қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналып, екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылды.

«Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және халық үшін қауіп жоқ.

Бұл жерде Батыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Олар мотопомпалардың көмегімен су айдауды жүргізуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...