Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына су тасқынымен күреске көмекке келген түркістандық құт...
«24KZ» телеарнасы жаңа форматқа көшті
Фото: AMW/әлеуметтік желіден
«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай «24KZ» телеарнасы жаңа форматқа көшкенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Биыл 28 қыркүйектен бастап «24KZ» телеарнасы жаңа форматқа көшті. Қазір жаңалықтар күн сайын 18 рет тікелей эфирде шығады. Оның ішінде экономика, нарық, аймақтық және халықаралық күн тәртібіне, терең талдау мен сараптамаға маңыз беріледі. Арна эфирі үшін әр сала бойынша тұрақты әрі білікті сарапшылар пулын құрып жатырмыз. Жасанды интеллект дәуірінде тексерілген, сапалы ақпарат таратудың ауқымын кеңейту – біздің негізгі міндетіміз. Болашақ AI-сервистерге дәл осындай ақпарат негіз болуы тиіс»,– деді Ләззат Танысбай.
«24KZ» телеарнасы енді күн сайын сағат 07:00-ден 01:00-ге дейін тікелей эфирде жұмыс істейді. Әр ақпараттық шығарылымның ұзақтығы бір сағатқа дейін ұлғайды. Жаңартылған эфир кестесі көрерменге күн бойғы жаңалықтарды жедел әрі жан-жақты ұсынуға бағытталған. Таңертеңгі эфирде пайдалы ақпарат пен жедел жаңалықтар қамтылса, күндізгі шығарылымдарда елдегі өзекті тақырыптар талқыланып, сала мамандарының сараптамасына басымдық беріледі. Кешкі уақытта әлем бойынша күннің басты оқиғаларына шолу жасалып, олардың маңызы мен ықпалы түсіндіріледі.
Айтып өтейік, бұл туралы Ләззат Танысбай «Astana Media Week 2026» медиа апталығында «AI, IT & MEDIA: жауапкершілік шекарасы» атты пікірталас кезінде айтқан.