Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласында аю орталық алаңға кіріп, әкімдік ғимаратының жанынан бей...
Моңғолия қазақтары соғымға сойылған малдың бас терісін неге іліп қояды?
видеодан алынған скрин
798
«Жалғыз жолаушы» ютуб арнасының жүргізушісі Санат Ілияс Моңғолияда тұрып жатқан қазақтардың тыныс-тіршілігі жайында репортаж әзірлеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның кезекті кейіпкері қырда мал бағып, күн кешіп жатқан қазақ отбасы жайында болды.
Қали мен Гүлсай есімді ерлі-зайыпты өз өмірлері мен тұрмыстыры жайында сұхбат берген.
Сонымен қатар авторды қораның сыртында ілулі тұрған сиыр мен жылқының бас терілері таңқалдырған. Мұны сыры жайында үй иесі айтып берді.
"Мынау соғымға сойған сиыр мен жылқының бас терісі. Соны осылай әдейі сақтап қойып отырмыз. Мынау жылқының, сиырдың терісі. Мал жоғалттық десе осыны көреді. Яғни өз малымды өзім жеп отырмын дегенді білдіреді,–деді үй иесі Қали.