Алматыда 9 жастағы балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі тергеліп жатыр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
455

Алматы қаласында 9 жастағы мектеп оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалған деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияға баланың анасы арыз берген. Құқық қорғау органдары күдікті ер адамның жеке басын анықтаған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Тергеу қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Шоу-бизнес

Белгілі продюсер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде әсерлі...

PESTEL

Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Янтай қаласында 92 жастағы әженің қарттар үйінен қашып кеткен сәті...