Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жолаушылар паромының қатынасын қайта іске қосуды жоспа...
Кафедегі төбелестен кейін алматылық блогерге іздеу жарияланды
Фото: freepik
110
Арандатушы видеоларымен және көлікті қауіпті жүргізуімен танылған 28 жастағы «Nazarrollan» есімді блогер қылмыстық іс бойынша күдікті атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұған дейін ол жол ережесін бұзғаны үшін жеті тәулікке қамалған.
«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметінше, Роллан «Льдинка» кафесінде болған төбелеске қатысты күдікке ілінген. Істі Алматының Алмалы аудандық полициясы тергеп жатыр. Осы іс аясында оның сүйіктісінің де аты аталады.
Блогер тергеу әрекеттеріне шақырылғанымен, келмеген. Кейін оның Қазақстаннан кетіп қалғаны анықталған. Болжам бойынша, ол қазір Таяу Шығыста немесе Оңтүстік-Шығыс Азияда болуы мүмкін.