“5 күн бойы зорлаған”: Өгей әкенің 15 жастағы қызына жасаған ісі елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
863

Өгей әкесі 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күштеп күйеуге берген, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Сұмдық оқиға Қарағанды облысының Абай ауылында болған. Өгей әкесі  қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған.

Қыздың ағасы көмек сұрап "Не молчи” қорына жазған. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін әкесіне қашып келгенін айтты. Арыз жазылған, бірақ қордың мәліметінше, полиция оны бірден қабылдамаған және уақыт созып жүріп алған. Әзірге құқық қорғау органдары ресми ақпарат берген жоқ.

15 жастағы қызды зорлады деген ер адам ұсталды.

Бүгінде жасөспірім туған әкесінің қасында, оған психологиялық көмек көрсетілуде және құқықтық қолдау берілетін болады.

Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл әкесімен байланыста, сондай-ақ ол өгей әкесі мен анасын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп жатқан көрінеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысында полиция қызметкерлері ер адамды жанып жатқан ғимараттан алып шықты, деп хабарлады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Перизат Кайраттың ісі бойынша бүгін сотта куәгер ретінде бухгалтер Алтын Мусина жауап берді. Ол күді...