80 мың теңге пара алып, 2 млн теңге айыппұл төлейді. Таразда колледж директорына сот үкімі шықты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1691

Таразда колледж директоры мен оған пара берген оқытушының ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Соттың мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінде колледж директоры А. өзінің қарамағындағы оқытушы Ш.-дан баласын грантқа орналастыру үшін 80 мың теңге пара алған.

«Сол күні Антикор қызметкерлері директордың кабинетінде тінту жұмыстарын жүргізіп, оның сөмкесінен пара ретінде алынған ақшаны тапты», – делінген хабарламада.

Сот барысында екі тарап та өз кінәсін мойындады. Колледж директоры пара алғаны үшін 25 есе көлемде – 2 миллион теңге айыппұл төлесе, оқытушы пара бергені үшін 15 есе көлемде – 1,2 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар екеуіне де мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...