34 жастағы ер адам мәйітханада "тіріліп" кетті

Фото: Envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
2170

Әзербайжанның Жалилабад қаласында мәйітханаға жеткізілген ер адам тірі боп шықты. 1991 жылы туған ер адам өлмеген, тек комаға түскені анықталған, деп хабарлайды Madeniportal.kz report.az басылымына сілтеме жасап.

Жалилабад ауданы Тахирли ауылының 1991 жылғы тұрғыны өз үйінде жансыз күйде табылған. Оны бақилық болды деп таныған дәрігерлер Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөлімшесіне жеткізген. Алайда мекемеде оның тірі екенін, тек комаға түскенін анықтаған.

Ер адамды тез арада Дажилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған.

Оған "механикалық асфиксия" диагнозы қойылған. Қажетті көмек көрсетіліп, қазіргі таңда ер адамның жағдайы ауыр тұрақты деп бағаланып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...