550 мың адам президенттің отставкасын талап етті

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2216

Францияның бірқатар қаласында биліктің ішкі саясатына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті. Билік мәліметінше, 17 қазандағы шерулерге шамамен 550 мың адам қатысқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің дерегінше, Парижде 110 мыңға жуық адам көшеге шыққан. Ал акцияны ұйымдастырушылардың бірі — Жалпы еңбек конфедерациясы (CGT) ел астанасындағы қатысушылар санын 800 мың деп бағалаған.

Наразылық шерулері Парижден бөлек Лион, Марсель, Тулуза, Лилль, Страсбург, Лимож, Бордо және Гренобль қалаларында ұйымдастырылған. Кейбір жерлерде акциялар тәртіпсіздікке ұласып, тонау, өрт қою және мүлікті бүлдіру оқиғалары тіркелген. Осындай әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 1200 адам ұсталған.

Шерушілер президент Эммануэль Макронның отставкаға кетуін талап еткен. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер және “сары жилеттер” қозғалысының өкілдері болған. Басылымның жазуынша, соңғы апталарда елде тұрмыс құнының өсуіне байланысты халықтың наразылығы күшейген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қазанға қараған түні Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысына дрондар шабуылдағаны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияда туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам мерт болды. Тағы 19 адам жарақат алғ...