Ұлдана Мырзуан ісі: прокурор МИБ төрайымын 2 жыл бас бостандығын шектеуді сұрады

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
129

Астанада фельдшердің қазасына қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы МИБ төрайымы Сауле Жұбаниязоваға жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Прокурор соттан Жұбаниязованы Қылмыстық кодекстің 254-бабында көзделген міндеттерге адал қарамау бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 3 жыл мерзімге кондоминиум нысандарын басқару қызметімен айналысу құқығынан айыруды ұсынды.

Бұдан бөлек, прокурор Жұбаниязовадан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 10 АЕК – 43 250 теңге өндіріп алуды сұрады.

Еске салайық, Астанадағы қайғылы жағдай былтыр қарашада болған. 23 жастағы фельдшер Ұдана Мырзуан жедел жәрдем шақыртуына барған кезде тұрғын үй кешеніндегі сыртқы кондиционер блогы құлап, ауыр жарақат алған. Кейін ол ауруханада көз жұмды.

Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, МИБ төрайымы Сауле Жұбаниязова сот алдына келді. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында жаңа институттың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің отырысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны...