Қызын ұзатқан ата-ана тойдан қайтар жолда қаза тапты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
387

Үндістанда қызының үйлену тойынан үйіне қайтып келе жатқан ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 1 желтоқсанда Пенджаб штатының Лудхиана ауданында болған. Қызын ұзатқан отбасы Сирхинд қаласындағы үйіне бет алған.

Полиция мәліметінше, отбасы мінген жеңіл көлік алдындағы жүк көлігіне соғылған. Алдын ала дерек бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі кенет тежегіш басқан.

Апат салдарынан 53 жастағы ер адам, оның 50 жастағы жұбайы және 62 жастағы туысы ауруханада қайтыс болған. Көлікте отырған тағы екі туысы ауыр жарақат алған.

Жақындарының айтуынша, ерлі-зайыпты қызының тойын өткізіп, қуанып қайтып келе жатқан. Жолда қызы мен күйеубаласы алғаш рет төркіндеп келгенде қандай сыйлық беретінін талқылаған.

Әлем

5 қарашада Еуропада кемінде 12 жолаушылар рейсіне бомба қойылғаны туралы қауіп-қатер хабарламалары т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания королі ІІ Абдалла бір-біріне мемлекеттік наградаларын таб...