Садриддин АхмедовAlmaty Arena спорт кешенінде өтіп жатқан бокс кешінде Садриддин Ахмедов WBC Asia че...
Адамдарды азаптауларға қарсы күрес құралдары талқыланды
www.gov.kz
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде «Тар шеңберді бұзу: Қазақстандағы азаптауларға қарсы күреске көпжақты көзқарас» жобасын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті. Бұл туралы уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.
Іс-шараға АҚЖУ кеңсесінің басшысы Салтанат Тұрсынбекова, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ҰАТ бөлімінің басшысы Жанар Биғалиева, Орталық Азиядағы PRI өкілдігінің директоры Дмитрий Нурумов және жоба үйлестірушісі, Қазақстан Республикасындағы АҚЖУ жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Мадина Ахметова қатысты.
Жобаның мақсаттарына азаптау жағдайларын тиімді тергеуді қамтамасыз ету, азаптаулардың алдын алу тетіктерін жетілдіру, азаптау құрбандарын оңалту және өтемақы төлеу тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ оларды қорғау, оның ішінде заң көмегіне қол жеткізу және ұлттық және халықаралық мүдделі тараптардың азаптауларға қарсы күрес бойынша қабылданатын шаралар туралы хабардарлығын арттыру кіреді.
Кездесуде тараптар жобаны іске асыру барысын, бар проблемалар мен оларды шешу жолдарын, Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) жұмысын талқылады. Сонымен бірге халықаралық адам құқықтары бойынша кеңесші Татьяна Чернобил дайындаған «Ұлттық алдын алу механизміне қатысушылардың тиімді ұсыныстарын жасау құралы» құжаты қаралды.
ҰАТ қатысушыларының жұмысын талдау нәтижелері, жасалған баяндамалар мен ұсынымдар негізінде алдын алу тетігі қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды. Атап айтқанда, оның болашақта орындалуын бағалауға (сандық, сапалық) мүмкіндік беретін, ұсынымдар берілген мемлекеттік органның немесе мекеменің қаржылық, әкімшілік және нормативтік өкілеттіктерімен байланысын ескеретін көрсеткіштерді енгізу ұсынылды. Бұл орайда, біріктірілген есептерді дайындаудың үлгі пішімін әзірлеу қажет, қазіргі уақытта барлығы кездейсоқ ретпен құрастырылған, бұл олармен жұмыс істеуді қиындатады.
Сондай-ақ болашақта ҰАТ ұсыныстарын жасау үшін цифрлық форматты әзірлеу керектігі айтылды. Бұл пішім Ұлттық алдын алу тетігінде SMART ұсыныстарды жыл сайын қайталамай және алдыңғы ұсыныстарды ескере отырып жасауға көмектеседі.
Іске асырылып жатқан жоба азаптау мен қатыгездіктің алдын алу мақсатында ҰАТ институтының тиімділігін арттыруға ықпал етеді және азаптау құрбандарын оңалту мен өтеудің, сондай-ақ оларды қорғаудың, оның ішінде заң көмегіне қол жеткізудің тиімді тетіктерінің модельдерін әзірлеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.