85 жастағы әже ҰБТ тапсыруға барды

Фото: ztb

ЖАҢАЛЫҚТАР
1466

85 жастағы әже арманын орындап, ҰБТ тапсыруға барды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тамыз айында ҰБТ тапсыруға 85 жастағы Нұрихан әже келген. Ол көптен бергі арманын орындап, жақындарының қолдауымен ҰБТ-ға тіркеліп, тест тапсырып көрген. 

Бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ана жастық шағында жоғары білімге қолы жетпегенін айтады. Алайда компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болған. Зейнеттегі қарт ана келесі жылы қайта келуге ниетті екенін жеткізген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында 29 жастағы әйелдің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова ү...