«Әділдік және Өркендеу» Қорының Маңғыстау өңіріндегі өкілдік белсенділері қарттарға көмектесті

adildik.org.kz

Жаңалықтар
593

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Ақтаудағы өкілдіктің белсенділері қазақстандықтардың назарын тағдыр тауқыметімен жалғыз қалған зейнеткерлердің проблемаларына аударуды жөн көрді. Ол үшін қоғам қайраткерлері арнайы қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл туралы adildik.org.kz сайтына сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.

Қиын жағдайға тап болған қарт адамдарға көмектесу үшін белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды. Әр қапта ұн, күріш, қарақұмық, сұлы, түйіршіктелген қант, макарон, өсімдік майы, шай, печенье және қажетті заттар бар.

«Біз бұл акция арқылы бей-жай қарамайтын қазақстандықтарға қоғамда бар мәселелерді ұмытпау керектігін жеткізгіміз келді. Бізде кедейлік шегінен төмен тұратын жалғыз басты қарттар өте көп. Аға буын өкілдері - біздің азаматтарымыз, қазір біз тұрып жатқан қаланы да олар салған. Сол себепті біз де қолымыздан келгенінше бұл кісілерге көмек беруіміз керек. Біз барлық азық-түлікті мұқтаж жандарға жеткіздік», - деді Ақтау қаласындағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдік басшысы Нұрбол Конжар.

Қоғам белсенділері барғандар арасында 57 жастағы әйел адам мен 86 жастағы жалғыз тұрып жатқан қарт әже бар. Қор өкілдерінің атаулы көмегін 20 адам алды. Олардың көбінде мүгедектігі немесе ауыр созылмалы аурулары бар.

«Бірі жақындарынан айырылса, екіншісі ауру салдарына үйден шыға алмай отыр. Арасында зейнетақысы тым аз жесір әйелдер де бар. Егде жастағы адамдардың көбі қарым-қатынас пен қолдаусыз қалудың оңай еместігін айтады. Біз қиын жағдайда жалғыз қалған адамдарға қол ұшын созу қажет деп санаймыз. Қор қағидаттарының бірі еліміздің барлық азаматына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Кедейлікпен күрес бірінші кезекте тұруы керек, онымен бірлесе күресуіміз керек», - деді Нұрбол Конжар.

Белсенділердің пікірінше, аға буын өкілдері үшін материалдық және моральдық қолдау маңызды.

«Осы адамдарға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгеніміз абзал. Барлық бей-жай қарамайтын азаматты аға ұрпаққа қолдау білдіруге шақырамыз. Мейірімді болайық», - деп, Ақтау белсенділері қазақстандықтарға үндеу тастады.

Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының мақсаты әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келетін әділ қоғам құруға бағытталған. Ел өңірлерінде Қордың қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Сіз Қордың жақтастарының қатарына қосылып, Манифест-үндеуге онлайн қол қоя аласыз.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...