Маңғыстау облысында декреттік демалыста болған кезеңде бұрынғы жұбайынан өзіне алимент төлеуді талап...
Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаев 10 жылға сотталды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Алматы соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты 10 орташа қауіпсіздік мекемесінде жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Мадияр Қалменовті орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Боқаевқа қатысты іс бес бап бойынша қаралды. Олардың қатарында алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, ұрлық, көрінеу жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу бар.
Айыптау нұсқасына сәйкес, Боқаев пен оның жиені автокеруен ұйымдастыруға жұмсалған шығынды әдейі асыра көрсетіп, кәсіподақ қаражатынан 42 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген.
Бұдан бөлек, тергеу нұсқасы бойынша, қоғам белсендісі видеографпен бірге Үлкен Алматы өзенінің жағалауындағы гранит тақталарды алып кетуді және Баум тоғайындағы ағаштарды кесуді ұйымдастырған. Кейін осы заңбұзушылықтар туралы әлеуметтік желіге видео жариялауды жоспарлаған.