Нидерландтың көп дүркін чемпионы Шон Ниволд Sport Pulse басылымына берген эксклюзивті сұхбатында қаз...
Әділетхан Молдахан ісіндегі жәбірленуші 11 млн теңге өтемақы талап етті
Фото: Pixabay
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында блогер әрі заңгер Молдахан Әділетханға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Істе жәбірленуші деп танылған Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Ұзабаевтың адвокат Асылбек Әбдрайымовтың мәліметінше, сот отырысында прокурор айыптау актісін жариялап, жәбірленушілердің бірі – Алматы қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы С. Шумаевтан жауап алынған.
Іс бойынша Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаевтың мүддесін қорғайтын заңгер тараптардың татуласуға келмегенін және келтірілген залалдың өтелмегенін мәлімдеді.
Сот барысында жәбірленуші тарап моральдық зиян үшін 10 миллион теңге және заңгерлік көмек шығындары ретінде 1 миллион теңге өндіріп алу туралы азаматтық талап-арыз берген.
Мұнда адвокат айтып отырған азаматтық талап - моральдық және материалдық шығын.
Егер 11 миллион теңгені өтесе Ұзабаев ойланады, бірақ кешіруге дайын деп айта алмаймын. Егер 11 миллион теңгені өтейтін болса, оны Ұзабаев балалар үйіне береді, - дейді адвокат.
Еске салайық, Молдахан Әділетханға қатысты іс ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша қаралып жатыр.
Аталған бап бойынша 11 миллион теңгеден астам айыппұл салу немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған. Сот процесі жалғасып жатыр.