Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен кездесті, деп хабарлайды Madeniportal.kz. &...
“Мен алуға дайынмын”: журналист Назгүл мен Құндызға қатысты тосын мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан кадр
Журналист Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың жағдайын білу үшін арнайы Таразға барды. Оның жанында психотерапевт Санжар Тұрсыметов та бар, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Оларды қыздардың заңды қамқоршысы Зульфия Төленова қарсы алды. Руслан Өтепбай қыздардың азып кеткенін айтты. Алайда Зульфия Төленова осы сөзден кейін халықтың шулап кеткенін, өзіне дөрекі сөздер айтқанын жеткізді. Әрі ол қыздарды Сариев Илиясқа беруге ниет білдірген. Алайда Илияс ат тонын ала қашыпты.
"Бергім келді. Егер менің қарағаным ұнамаса, қарайтын жақсы адамға. Бірақ ол “алмаймын” деді. Мен қыздар үшін халық алдында жауап беремін ғой”, - деді қыздардың қамқоршысы.
Руслан Өтепбай Илиястың шаруасы шаш етектен екенін айтып, өзі қыздарды қарауға қарсылығы жоғын айтты.
“Мен қыздарды алуға дайынмын. Осы есіңізде болсын. Илиясқа беремін дегеніңізден сізді шаршаған шығар деп ойладым. Әлбетте Илиястың жасаған жақсылығы көп. Бірақ қарау керек болса қиналмай қараймын”, - деді журналист.