Әйелі мен 16 жасар ұлын өлтірген Қостанай тұрғынына қандай жаза тағайындалды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
958

Қостанай облысының Аманқарағай ауылында өз отбасын аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы жағдай 2025 жылдың 29 қыркүйегінде болған. Тергеу мәліметінше, 51 жастағы ер адам түнде әйелін қызғанып, ажырасқысы келмей, онымен есеп айырыспақ болған.

Пышақпен қаруланған ер адам әйелінің бөлмесіне бара жатқанда, кездейсоқ оянып кеткен 16 жасар ұлы оны тоқтатпақ болады. Әкесі өз ұлына бірнеше рет пышақ сұғады. Содан соң араша түспек болған әйелін де дәл солай пышақтап өлтіреді. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Мемлекеттік айыптаушы ең ауыр жазаны сұрады. Ал сотталушының қызы «анасы мен бауырын қайтара алмайтынын» айтып, әкесіне кешіріммен қарауды өтінген.

Сотталушының сөзі: Ол өз кінәсін толық мойындамады. Пышақ сілтеген сәтте «шок жағдайында» болғанын және оларды өлтіргісі келмегенін айтып ақталды.

Сот қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен сипатын ескере отырып, ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...