Аида Балаева 4,5 жылға сотталған журналист туралы білмейтінін мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
310

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 4 жыл 6 айға сотталған журналист Данияр Әділбековті білмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, Балаева өзін кәсіби журналистердің Әділбековті қолдауы таң қалдыратынын айтты.

Менің табиғи сұрағым бар, неге кәсіби журналистер анонимді жеделхат арнасын ұсынатын журналисті қорғайды? Жасыратыны жоқ, көптеген адам осы анонимді жеделхат арналарынан зардап шекті. Өйткені олар журналистика, яғни ашықтық, сенімділік принциптеріне сәйкес келмейді. Кәсіби журналист Гүлжан Ерғалиева сотқа шағым түсіргені таңқаларлық. Бірақ мен оны кәсіби журналист ретінде білемін, ал Әділбековті, шынымды айтсам, білмеймін, - деп келтіреді ORDA.kz министрліктің басшысының сөзін.

Естеріңізде болса, 2020 жылы Балаева "Үркер" ұлттық сыйлығын тапсыру рәсімін ашты, онда Данияр Әділбеков "Жыл репортажы" номинациясына үміткерлер қатарында болды.

Сот үкімімен Данияр Әділбеков 4 жыл 6 айға сотталды. Одан бөлек шығымданушылардың бірі журналист Гүлжан Ерғалиеваға 1,5 млн теңге моральдық төлем өтеуге міндеттелді.

Прокурор бұған дейін оны 5 жылға соттауды сұраған еді. Қорғаушы тарап журналиске тағылған айыптың ешбірі дәлелін таппағанын айтады.

Журналиспен қатар осы іс бойынша өткен мұнай трейдері Ерлан Саудагеровтың үш жылға бас бостандығы шектелді. Ол сот залынан босатылды.

P.S. Журналист конвойлар алып кетерде сот шешімін "Қазақстандағы сөз еркіндігін өлтіру” деп бағалап, “мені журналист болғаным үшін ғана соттады” деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, наурызда қамауға алынған журналист Данияр Әділбековтың соты қоғамның жіті назарында.

Оның істі болуына үш адам: энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, журналист Гүлжан Ерғалиева және елорда әуежайының инвесторы Юсуш Рашед Альджаудердың арызы себеп болды.

«Дикая Орда» телеграм-каналындағы анонимді жазбалары үшін журналиске екі бап бойынша айып тағылды. Оның бірі – Қылмыстық кодекстің 419-бабы мұнай трейдері Ерлан Саудагеровтің тапсырысымен энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов туралы көрінеу жалған сөз жеткізу, екіншісі – Гүлжан Ерғалиева мен астаналық әуежайдың топ-менеджері Юсуш Альджаудер туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату (274-бабы) бойынша.

Телеграм-каналында энергетика вице-министрінің коррупциялық схемасынан шаршаған шетелдік инвесторлардың жанайқайы туралы жазған журналист E-otinish арқылы жауапты мекемені вице-министрдің жұмысын тексеруге шақырған. Тергеу мәліметтері бойынша, вице-министрге қатысты айыптау ақпаратын мұнай-трейдері Ерлан Саудагеров тапсырыс арқылы жаздырған. Саудагеров ол ақпараттар ашық дереккөзде тұрғанын алға тартады. Ал Энергетика министрлігі аталған жазба бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық қаупі анықталмағанын алға тартты.

Бір қызығы, сотта Ақкенженов Әділбековтің қай сөзінің көпе-көрінеу жалған екенін дәлелдей алмады, жәбірленушінің адвокаты сұраған қағаздарды да ұсынуға құлық танытқан жоқ. Ол Саудагеровті де, Әділбековті де бас бостандығынан айыруды талап етпейтінін жеткізді. Бар болғаны сот арқылы нұқсан келген ар-абыройы мен беделін қорғауға ниетті.

Әділбековті айыптап отырған журналист Гүлжан Ерғалиева оны бас бостандығынан айыруға мүдделі емес екенін айтып, ақырғы шешімді судьяға қалдыратындарын мәлімдеген. Сот Әділбековті оған 1.5 млн теңге төлеуді міндеттеді. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...