«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кири...
Көкшетау тұрғыны танысының депозитіндегі 2 млн теңгеге жуық ақшаны аударып алған
Фото: freepik
Көкшетауда 21 жастағы тұрғын телефонынан және банк депозитінде жинаған қомақты қаражатынан айырылды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, оның танысы құны 660 мың теңге болатын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Алайда күдікті мұнымен шектелмеген. Ол қолына түскен телефондағы мобильді банк қосымшасын пайдаланып, жәбірленушінің депозитінде сақталған 1 миллион 990 мың теңгені өз есепшотына аударып алған.
Осылайша, телефон мен депозиттегі қаражатты қоса есептегенде, жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 2 миллион 650 мың теңгені құрады.
Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары жүргізген шаралар нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.