Бүгін театр фестивалінің ашылу салтанаты аясында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды "Мәден...
Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің партиялық жұмысына көңілі толмайтынын айтты
«Бүгінгі күні мәслихаттар өңірлердің дамуына шынайы ықпал ететін тетіктерге ие. Заңнамаға сәйкес олар бюджетті, жергілікті даму бағдарламаларын бекітіп, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылай алады. Әкімдерге сенімсіздік таныту құқығына да ие болып отыр. Біз бұл құқықтарды қай жерде пайдаландық? Қазір әкім мен фракция төрағасы бір адам болған кезде тәртіп болмайтындығы айтылуда. Бөлу қажет. Мен қазақтың жағдайын білемін ғой. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Содан тағы келіспеушіліктер туындайды. Ал егер оны жасамайық десек, әкімдер неге жұмыс істемейсіздер? Партия өз алдына, менің жұмысым мына жақта өз алдына. Егер ондай болатын болса бер басқа адамға, партияның төрағасы емеспін деп шық», - деді Елбасы. Осы ретте ҚР Тұңғыш Президенті барлық деңгейдегі әкімдерге партия жұмысына апта, ай сайын көңіл бөліп, беделін арттырып отыру қажеттігін ескертті. «Сендерді сайлаған солар. Егер шындығын айтар болсақ, фракциялардың көпшілігі бүгінде тиімсіз жұмыс істейді. Бюджет қабылданбастан бұрын мәслихатта қаралуы керек. Фракция жергілікті бюджетті мақұлдауы тиіс. Содан кейін барып қабылдауы қажет. Алматыда қолға алып едік, дұрыс болды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.