Әйелдерінің бірін шәкіртіне берген имам туралы мүфтият мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
859

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Politico.kz жазды.

«Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді, Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз», - делінген мүфтият хабарламасында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. 

Еске сала кетейік, қазақстандық имам Құрбанәлі Ахмет Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін өзінің сұрауымен шәкіртіне үйлендіргенін айтты. Ол екінші әйелін қайын атасы «сыйлағанын» және оны бірінші әйелінің рұқсатынсыз алғанын айтқан. Екінші әйелінен бес баласы бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...