Қақпашы Темірлан Анарбеков алдағы футбол ойындарына қатыспайды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1460

Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып алды. Сондықтан ол алдағы ойындарға қатыса алмайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Atameken Business-ке сілтеп.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Төменгі жақ сүйегі сынған деген алдын ала диагноз қойылды. Өкінішке қарай, ол жақын матчтарға қатыса алмайды. Қосымша ақпарат әзірге жоқ, — деді «Қайрат» футбол клубының медиа-офицері Арман Жақсығұлов.

Еске салайық, 14 қыркүйекте Қазақстан премьер лигасының 23-ші тур аясындағы ойында Темірлан Анарбеков 13 минутта жарақат алды. Соған қарамастан алматылық «Қайрат» «Ақтөбе» командасын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голдың авторы - Дастан Сәтпаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...