“Әйелі менсінбей кеткен”: Ер адам қызметі көтерілген әйеліне ренжіп, оны сотқа берді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2508

Ер адам қызметі көтерілген әйеліне ренжіп, сотқа берген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбелік әйелін "моральдық тұрғыдан құлдырады" деп айыптап, басшысына хат жолдаған. Онда 32 жыл теміржол саласында жұмыс істегенін жазған. Сондай-ақ әйелін қолдап, балаларын бағу үшін жұмыстан шыққанын айтқан. Алайда жұбайының мінезі күрт өзгеріп, менсінбейтінін жеткізген. Банк басшылығы мәселенің тек екі ерлі-зайыптыға қатысты екенін айтқан.

Осыдан кейін әйел өзіне тиесілі үй мен мүлікті алу үшін сотқа арызданған. Нәтижесінде екеуі ажырасып, сот әйелдің өтінішін қанағаттандырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...