Соңғы жылдары әлем футболында ерекше қарқынмен танылған жас ойыншылардың бірі – Ламин Ямаль. Л...
Айгүл Иманбаева ата-анасы туралы сыр шертті
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
96
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ата-анасы туралы сыр бөлісіп, көзіне жас алды. Ол әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқаннан кейін одан айырылу өзіне ауыр соққы болғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әкесінің қазасынан кейін өнер иесі ата-анасының әр сәтін қадірлеу керегін бұрынғыдан да терең түсінген. Англиядан оралғандағы анасымен кездесуін ол былай еске алды:
«Англиядан келгенде анамды бас салып құшақтап: “Тәте, мен сені жоғалтуға дайын емеспін. Бірақ ешкім әке-шешесін жоғалтуға дайын емес. Сен кетпеші, жүре тұршы” деп жыладым».
Айгүл Иманбаева ата-анаға деген махаббатты кейінге қалдырмай, олардың көзі тірісінде көңіл бөліп, қадірін білуге шақырды.