Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1838

Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.

1938-1953 жылдары мыңдаған әйел адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын – бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.