Астанада үш баланың анасы көзіне жасалған операциядан кейін көз жұмды. Марқұмның туыстары қайғылы жа...
Айыппұлмен бірге видео: Kaspi.kz жүргізушілерге жаңа сервис ұсынды
Каспий кз
63
Kaspi.kz Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың видеосын тікелей қосымшадан көре алады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Видеоны айыппұл төлеу парақшасында сұратуға болады. Мемлекеттік орган өтінішті өңдегеннен кейін пайдаланушыға Kaspi.kz қосымшасы арқылы хабарлама келеді.
Бейнежазба қосымшада 7 күн бойы қолжетімді болады. Айыппұл төленіп қойған жағдайда да видеоны төлемдер тарихы арқылы көруге мүмкіндік бар.