"Болашақ" бағдарламасымен оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайда шәкірттері аспен күтіп алды

inbusiness.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3198

"Болашақ" бағдарламасымен Лондонға оқуға аттанған әнші, актриса Айгүл Иманбаева елге оралды. Әртісті Астана әуежайынан шәкірттері мен әріптестері ерекше көңіл-күймен күтіп алды, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Әншіге тосынсыйды шәкірттері мен әріптестері жасады. Олар актрисаға ұлттық тағамымыз бешбармақ, қымыз, бауырсақтан дәм татқызды.

Студенттері тіпті оған пранк жасап та үлгерді. Төбелесіп ұстаздарын қорқытты. Кейін әншіні көтеріп, алып қашқандай сыңаймен көлікке мінгізді.

“Қандай әсерлі, ұжымыңыздың ауызбіршілігі нығая берсін”, “Аяғын жерге тигізбей, көтеріп алды”, “Әдемі қарсы алыпсыздар”, “Өзім Америкадан келгендей болдым ғой”, “Түрлерің құрсын, амандаспайсыңдар ма?”, – деп жазды пікір қалдырушылар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...