Айзат Жұманованы ұрып өлтірген күйеуі қанша жылға сотталады? Прокурор жаза сұрады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
470

Биыл шілдеде Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр соққы мен азаптау салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Талдықорған сотында марқұм келіншектің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор Айзат Жұманованың өлтірген күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға соттауды сұрады.

Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы ер адам мас күйінде үйінің маңында әйелін ұрып-соғып, тепкілеген. Ер адам Айзат есінен танып қалса да ұруды жалғасырған. Кейін, Айбар Жанболат қан жоса болған әйелін ауруханаға өзі алып барады.

Сот отырысында куәгерлердің айғағы мен айыпталушының кінәсін растайтын сараптама қорытындылары ұсынылды. Сот-медициналық сарапшылар жарақаттардың өмірге қауіп төндіргенін мәлімдеді. Осылайша Айбар Жанболатқа «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда баскетбол ойыны кезінде AiRom академиясының 13 жастағы тәрбиеленушісі Тасболат Абдулазиз қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп...