Еліміздің танымал музыканттары «Астана-Опера» театрының сахнасында симфониялық концерт ө...
Қасым хан туралы фильм 12 мамырдан бастап кинотеатрларда көрсетіледі
5028
Қасым хан туралы «Ұлы дала таңы» фильмі кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік парақшасында хабарлады. Аталған картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді. Кинотуындыда Қасым ханның өмірі, хандық билігі мен Қазақ хандығының нығаюы жолындағы күресі баяндалған. Фильм оқиғалары XV ғасырдың 70-жылдары мен XVI ғасырдың 20-жылдарына дейінгі аралықты қамтиды.

