Әкемді атып, досын бауыздап кетті – Елдос «Колобок»

Видеодан кадр

Жаңалықтар
1061

Танымал шоумен әрі блогер Елдос Кәдірханов балалық шағы туралы айтып берді. Ел алдында адырап жүретін ол әкесінің өлімі туралы да айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы желі жұлдызы «Taboo» бағдарламасында қонақ болып, сұхбат беру барысында баяндады.

«Әкем ет сатумен айналысатын. 2001 жылы жағдайымыз енді көтеріліп келе жатқанда әкемнен айырылып қалдық. Шымкент өңірінің Леңгір ауданын кішкентай кезімізден жек көріп өстік. Қанды оқиға сол ауданда болған еді. «Сол жақта ет бар, бар ақшаңды алып шық» деп хабарласады. Әкем ешқашан рөлге отырмаған адам. Үнемі досы жүретін. Серіктестері шақырып алады. Ол кезде жигули маркалы машинасы болатын. 500 мың теңгені үйден алып шықты. Жолда кетіп бара жатқанда, артта отырған орыс досы папамды атып, досын бауыздап тастайды. Одан кейін машинаны өртеп, жырадан лақтырып жіберген. Біздің әулеттегі адамдардың денесінде тыртық болатын. Әкемді сол тыртығынан таныды. Менде және немере әпкелерімізде бар еді. Әлі күнге дейін 500 мың теңге үшін өлтіріп кеткені жанға батады. Өмірден тым ерте кетті. Анам 33 жасында, екі баламен жесір қалды. Әкемнің досының артынан төрт бала қалды. Қазір араласып тұрамыз. Тіпті, бала күнімізде түрмеге түсуді армандайтынбыз. Әкелерімізді өлтірген адамдар 26-28 жылдарға сотталды», – деп Елдос өткенді есіне алды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...