Шымкенттегі жол апатынан кейінгі төбелесте адам өлтірген күдіктілер ұсталды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
482

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласының ПД жариялады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.
20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...