Ақтөбелік жас футболшымен қоса әжесі және ағасы да ажал құшты: Тың деректер

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1070

Ақтөбелік жас футболшының өліміне қатысты тың деректер белгілі болды. Қайғылы жағдайға қатысты тергеу басталды. Тергеушілер газ жабдығында ақау болуы мүмкін деген нұсқаны тексереді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кезекші бөлімге Ақтөбе қаласындағы Кутуев көшесінде болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

"Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде өрт болмағаны анықталды және үш адамның денесі табылды", - дейді Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ведомство өкілдері оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бір үйден үш адамының өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

"Газ жабдығына техникалық сараптама жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - деді департаменттегілер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа сала...