«Әкемнің шенін пайдаландым»: Полковниктің қызы желі қолданушыларына сырын ақтарды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1264

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада полковниктің қызы өзінің өмір жолы мен әкесінің шенін қалай пайдаланғанын ашық мойындап, қолданушылардың қызу талқысына түсті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Instagram платформасында atybarulina есімімен танымал кәсіпкер қыз балалық шағын еске алды. Кей кездері әкесінің шендік қызметін пайдаланғанын да жасырмады.

"... Біз ағам екеуміз бала күнімізден спортқа жақын болдық.
Мүмкін, әкем айтпайтын жайттарды білген шығар, біз өзімізді қорғай алсын деді ме екен...

Иә, мен әкемнің шенін көп жылдар бойы пайдаландым.

Кейде жай ғана тегімнің арқасында сытылып кететінмін.

Үйде үнемі тәртіп, тәрбие мен тазалық болатын.

Сенімге жету үшін нәтиже көрсету керек еді.
Солай мен өмірлік сенімге ие болдым. Енді әкем:
«Қызым, сенде жасыл жарық – істей бер» дейді. Бала күнімде бұл бәрін түсінбедім. Ренжитінмін, қарсы шығатынмын – неге бәрі қатаң, неге еркіндік жоқ?
Ал қазір түсіндім: бұл – болашаққа берік негіз болған екен. Мені берік, мықты етіп тәрбиеледі. Әке-Ана, Рақмет!", - деп жазды кәсіпкер Гүлсана.

Желі қолданушылары видеоға түрліше пікір білдіріп жатыр. Бірі оның шыншылдығын жоғары бағаласа, енді бірі мұндай жағдайлардың әлі күнге дейін кең таралғанын айтып, алаңдаушылық білдіруде.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...