2025 жылғы 14 маусымда АҚШ астанасы Вашингтонда ел армиясының 250 жылдығына арналған ауқымды әскери...
92 жастағы әже қарттар үйінен қашып кетті
Фото: ЖИ
Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Янтай қаласында 92 жастағы әженің қарттар үйінен қашып кеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қарияның биік қақпадан асып өткені әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 2024 жылғы 4 шілдеде болған. Бейнежазбада ақ шашты әженің биіктігі шамамен екі метрлік темір қақпаға өрмелеп, оның үстінен асып түскені көрінеді. Қария бұл әрекетін небәрі 24 секундта орындаған.
Қарттар үйінің басшысының айтуынша, әже Альцгеймер ауруына шалдыққан. Ол бұған дейін де қақпадан асып кетуге тырысқан.
Оқиғадан кейін мекеме қызметкерлері бірден іздеу жұмыстарын бастаған. Олар төрт көлікпен айналаны аралап, шамамен 25 минуттан соң әжені қарттар үйінің маңынан тапқан. Қария жарақат алмаған.
Мекеме басшысының сөзінше, әже жас кезінде таулы жерде еңбек етіп, жеміс ағаштарын өсірген. Сондықтан оның өрмелеуге бейімділігі болған.
Оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Бірі 92 жастағы әженің ептілігіне таңғалса, енді бірі қарттар үйіндегі адамдардың қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірген.