Астанада 21 жастағы Жанғали Жұматаев туыстарына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды madenipo...
“Қыз көз жұмды”: Алматыда қыз алып қашқандар жол апатына ұшырады
Фото: freepik
1725
Алматыда қыз алып қашқан көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Жол апаты салдарынан көліктегі қыз көз жұмды. Ақпаратты Алматы облысының полициясы растады. Оқиға Үлкен Алматы айналма жолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, KIA жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Mercedes-Benz аударылып қалған. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Mercedes-Benz-тің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция хабарламасында.