Алматы-2 вокзалында бір мезетте 52 адам газдан уланып қалды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1415

Алматы-2 вокзалында бірден 52 адам газдан уланды. Оның ішінде он шақтысы – балалар, ал екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Оқиға орнына жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілді. Барлық зардап шеккендер қалалық стационарлардың қабылдау бөлмелеріне жеткізіліп, тексеруден өткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға түскен науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

КТЖ бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді: пойыз жеке компанияға тиесілі болған және түсірілім үшін киностудияға берілген.

«Улану жағдайы анықталған пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қарауында емес. Бұл құрам жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі. Вагондар киностудияға түсірілім өткізудің мақсатында берілген», - деп хабарлады ҚТЖ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...