Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шықты: бір адам зардап шекті (ВИДЕО)

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
328

28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде FlyArystan әуе компаниясының ұшағынан өрт шықты. Оқиға салдарынан Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, зардап шеккен қызметкерге медициналық көмек көрсетілген. Тексеруден өтіп, қажетті ем қабылдағаннан кейін ол ауруханадан шығарылды.

Өртті Алматы әуежайының жедел қызметтері дер кезінде сөндірген. Оқиға болған уақытта ұшақ бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған.

Оқиғадан кейін әуе кемесі уақытша пайдаланудан шығарылды. Қазіргі уақытта мамандар ұшақтың қаншалықты зақымданғанын анықтап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, өндірістік оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға кірісті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...