Дипломды оп-оңай бірнеше күнде жасатып алуға болады

Жаңалықтар
3781

Маман болу үшін жылдарды сарп етіп, жоғары оқу орындарының қабырғасын тоздырудың қажеті жоқ!

Себебі, дипломды оп-оңай бірнеше күн ішінде жасатып алуға болады. Елімізде осылайша, құнды құжатты бірнеше күнде әзірлеп беретін делдалдар көбейген. Сонда дипломның бағасы қанша? Бұл заңсыз әрекетке неге елімізде шектеу жоқ? 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кез-келген жоғары оқу орнының дипломын жасаймыз. Сізге немесе таныстарыңызға қажет пе? Әлеуметтік желідегі парақшама осындай хабарлама келді. Бірден көрсетілген нөмірге хабарластық.

- Алло, саламатсыз ба?

- саламатсыз!

- Мен сізге диплом туралы хабарласып тұр едім.

- иә, тыңдап тұрмын.

- Кез-келген университеттікін жасай аласыздар ма?

- Иә, кез-келген университеттікін жасай аламыз. Басқа колледждердікі де университеттердікі де.

- Бағасы қанша?

- Бағасы универдікі 300 мың, колледждікі 200 мың. + 00:47 

- Кездесіп сөйлесуге бола ма? Мен бас қаладанмын.

- аа жоқ керегі жоқ, кездесіп сөйлесетін әңгіме емес. Вацаптан сөйлесейік. Мен вацапта тікелей жазам. Сіз маған жазыңыз хорошо?

- Сіз бас қаладан емессіз бе?

- жо-жоқ, мен Алматыдан.

Шынымен, димпломды сатып алуға бола ма? Жұрттан сұрап көрдік.

Заңсыз нәрсе қай кезде де өзінің заңсыз екенін дұрыс емес екенін дәлелдеп шығады.

Көптеген университетте дипломды сатып алып жатыр. Мен оған жаман көзқараспен қараймын.

Жалған дипломмен жұмыс істеп жүргендер бар. Кезігеді. Жалпы диплом саудасы деген бар. Интернетте байқап қаламыз. Диплом сатамыз деген инстаграмда да парақшалар бар.

Ал, депуттаттар жалған дипломы барларды тез арада анықтап, жұмысқа алмау қажеттігін айтады. Ал, құжатты заңсыз жасайтындарды тауып, құзырлы орган өкілдеріне тапсыру қажет дейді. Тіпті, жалған құжат жасатқандарды қара тізімге енгізу шарт, дейді.

БІРҒАНЫМ ӘЙТІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Ол өте қате. Және бұл шынында да қылмыс деп есептеймін. Ешбір диплом сатылуы, сатуға болмайды. Сатып алған дипломдарды вообще оны байқап, анықтап, зерттеп егерде сондай жағдайлар болып жатқан жағдайда онда түбінен онда дипломнан айыру керек сол кісіні. Және оны қара списокке қосу керек».

Ал, еліміздің бас мұғалімі Күләш Шәмшидинова бұндай дәлелдер болса, жауапқа тарту керек. Сондықтан, "факттер болса олармен өзіміз айналысуға дайынбыз" дейді.

КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

«Бұндай факті бұл құқық қорғау органдарына беруіміз керек. Және бұны жоюымыз керек. Бұл мәселеде егер де дәл сондай факті сіздің қолыңызда бар болса беріңіздер. Біз оны қараймыз».

Заңгерлер болса жалған диплом жасау қылмысқа жатады.Сондықтан, жалған диплом жасағаны үшін қылмысының көлеміне қарай түрмеге қамалады"- дейді.

ЖАСҰЛАН НҰРМАХАНБЕТОВ, ЗАҢГЕР:

"ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес бұндай жалған құжаттарды дайындау заңмен жазаланады және 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылу туралы жаза белгілен" ал егер топ болып айналысса жасаған қылмыстары үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылу жазалары көзделген".

Көлеңкелі бизнестің тоқтамай тұрғаны қынжылтады, әрине. Алайда, жалған құжатты жасаушы ғана емес, жасатушының да заңмен жазаланатынын есте ұстаған жөн.
 

kaz.caravan.kz 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...