1 шілдеден бастап төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека алуға болады

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
583

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекаға бастапқы жарна ретінде 30%-дан көп төлеген қазақстандықтар 1 шілдеден бастап төменірек мөлшерлеме алатынын мәлімдеді. Ең жоғары мөлшерлеме 20%-ға дейін болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазір ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 25% деңгейінде. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оны 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет тырысқан.

"Біз банктермен және агенттікпен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Өйткені бұл тек Ұлттық банктің шешімі емес. 1 шілдеден бастап екі мөлшерлеме болады: 25% және 20%. Қарапайым түрде айтсақ: егер бастапқы жарна 30%-дан асса, ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал егер 30%-дан аз болса, мөлшерлеме 25%-дан аспауы тиіс", – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...