Алматы дәрігерлері бесінші қабаттан құлаған 4 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
461

Алматыдағы дәрігерлер бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланы аман алып қалып, оның аяққа тұруына мүмкіндік жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға баланың масаға қарсы торға (москит торына) сүйеніп, оның салмағын көтере алмаған тордың сынып кетуінен болған. Салдарынан бүлдіршін биіктен құлап, ауыр жарақат алған.

Дәрігерлердің мәліметінше, балаға омыртқаның ығысқан сынуы және жұлынның қысылып қалуы диагнозы қойылған. Мұндай жарақат адамның өміріне ғана емес, оның өмір бойы сал болып қалуына да себеп болуы мүмкін еді.

Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының нейрохирургтері екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, жұлынға түскен қысымды жойып, омыртқаны тұрақтандырған.

Дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында баланың қозғалу қызметі сақталып қалды. Мамандардың айтуынша, алдағы оңалту емінен кейін бүлдіршіннің өздігінен жүруіне толық мүмкіндік бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...