Маралтай Райымбекұлы. МЕН ҚАЗАҚПЫН!

РУХАНИЯТ
4503


Елбасы мақаласында көрсетілген еліміздің рухани дамуы һәм жандануына байланысты әрбір сөйлем ғана емес, әрбір сөздің астарында қазақ елі мен қазақ мемлекетінің әлем алдындағы абыройын өсіріп қана қоймай, қазақ халқының терең тамырлы ел екенін айшықтайтын қасиет жатқанын көреміз. 

Бүгін ғана Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласымен қауыштық. Мақаланың тақырыбының өзі-ақ «Мен қазақпын» деген кісінің делебесін қоздырып, ұрпақ бойына бабалар рухының асыл болмысын құйып жібергендей әсерде болдық. Құдайға шүкір, негізсіз ел емеспіз ғой! Сол барымыздың бағасын базарлай алатын уақыт бүгін мүмкін боп тұр. Осы мүмкіндікті уыстан шығарып алсақ болашақ бізді кешпейді. Сондықтан Елбасы осы тұжырымдамасында атап көрсеткен құндылықтарды ел игілігіне исіндіру жолында күллі Қазақстан халқы бір атаның баласындай құлшына күш біріктіруге тиіспіз! 

Маралтай Райымбекұлы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...