Атырауда Теңіз кен орны аумағындағы зауыттан өрт шықты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1053

18 қаңтар күні таңертең Атырау облысы Теңіз кен орны аумағында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

18 қаңтарда шамамен сағат 9:55-те Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан Үшінші буын зауытының 52-учаскесінде өрт шықты. Өрт ГТГ-1 және ГТГ-2 газ турбиналық генераторлары арасындағы трансформатордың жанында болды.

Мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды.

Өрт сөндіріліп, үшінші буын зауыты қайта айналым режиміне ауыстырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...