Қазақстан үкіметі зейнеткерлердің қарызын кешіруге неліктен келіспеді?

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1853

Қазақстан үкіметі зейнеткерлердің қарызын кешіруге келіспей қойды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін аталған бастаманы мәжіліс депуатттары көтерген еді. 

Көшербаев жауабына сәйкес, банктер аталған санаттағы азаматтарға несие беруді қатаңдату немесе оны тоқтатуды қарастыру мүмкін. Алайда бұл осы банк өнімін пайдаланатын зейнеткерлер арасында келіспеушілік туғызады. 

"Азаматтардың жекелеген санаттарындағы қарызын кешіру барлық қарыз алушылардың, оның ішінде төлеу қабілеттілігі бар азаматтардың, масылдықтың өсуіне және кредиттік тәртібіне теріс әсер етуі, ол өз кезегінде қаржы нарығы үшін жүйелі тәуекелдердің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Баяндалғанды ескере отырып, көтеріліп отырған мәселелер қолданыстағы заңнама аясында жүргізілетінін хабарлаймыз", – делінген оның жауабында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...