Алматы облысында квадроцикл мінген қыз жардан құлап кетті

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1963

Алматы облысында жас қыз квадроциклмен серуендеп жүрген кезде жардан құлап кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Құтқарушылар жарақат алған қызға жету үшін 8 шақырым жол жүрді

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға Талғар ауданына қарасты Рысқұлов ауылындағы жергілікті ат клубтарының бірінің аумағында болған.

«Құтқарушылар оқиға орнына дейінгі 8 шақырым қашықтықты еңсеріп, зардап шеккен адамды жардан көтеріп алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды», – деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды белсенді демалыс кезінде, әсіресе мототехниканы пайдалану мен жолы қиын жерлерде қозғалу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға тағы бір мәрте шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда түрлі қылмыс жасады деген күдікке ілініп, кейін Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып...

СПОРТ

Бүгін, 6 қазанда Ұлттық құрама Ұлттар лигасының 4-туры аясында Астанада Фарер аралдарымен кездеседі,...