Кеше, 17 тамызда Астана маңында жеңілмоторлы жеке ұшақ апатқа ұшырады Көліктегі полиция департаменті...
Албанияда қазақстандық балуандар төрт алтын жеңіп алды
ашық дереккөз
1151
Тирана қаласында түрлі күрес түрлері бойынша рейтингілік турнир жалғасып жатыр. Қазақстан командасы тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жамиля Бакбергенова 72 кг дейінгі салмақта, Мейіржан Шермаханбет 67 кг дейінгі «классик» күресте бірінші орынға шықты. Сонымен қатар, Зейнеп Баянова (50 кг) мен Лаура Алмаганбетова (55 кг) да турнир жеңімпаздары атанды.
Әйелдер құрамасы екі қола медальге де ие болды: Нилуфар Раимова (57 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг). Қазақстандық балуандар халықаралық аренада өздерінің күшін тағы бір мәрте дәлелдеді.