Алматыда 13 жастағы қызды әкесінің досы зорлаған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1160

Алматыда 13 жастағы кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық жасалды деген ақпарат тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Аталған дерекке байланысты қала полициясы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізген.

Адвокат Ләззат Рақышева Instagram парақшасында бұл қылмыс 2025 жылғы қыркүйекте қыздың әкесінің танысы тарапынан жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, күдікті ВИЧ инфекциясын жұқтырған.

Адвокаттың сөзінше, оқиға кезінде қыздың анасы (дәрігер) басқа іс бойынша жазасын өтеп жүрген. Ол анаға қызына қатысты қылмыс, сондай-ақ тергеу және сот процесінің басталғаны туралы дер кезінде хабар берілмегенін айтты.

Маманның мәліметінше, анасы қыздың жағдайынан тек алты айдан кейін хабардар болған. Осы уақыт аралығында кәмелетке толмаған қыздың айналасында туыстары, адвокаттар және әкесі болып, оған қысым көрсетілгені айтылды. Соның салдарынан соттағы куәлік өзгергені де хабарланды. Сондай-ақ баланың психологиялық көмек алмағаны айтылды.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ведомство тергеу амалдары жан-жақты, объективті және жедел жүргізілгенін мәлімдеді.

Полиция дерегіне сәйкес, 2025 жылғы желтоқсанда сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сот қарауына жолданған.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова өмірлік ұстанымдары мен отбасы туралы ой бөлісіп, жан сырын ақтарды,...

АЙМАҚТАР

Қазақстанда алдағы аптада ауа райы әркелкі болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Солтүстік, шығыс...